Main Page
From Deutsch-Kasachische Universität
Неміс білім беру сапасы
Қазақстан-Неміс Университеті (ҚНУ) неміс академиялық стандарттарына негізделген халықаралық ЖОО болып табылады. ҚНУдың Германиялық әріптестері- ЖОО мен Германияның Академиялық Алмасу Қызметі ҚНУға Қазақстанда жаңа мамандықтар енгізу және жүргізілуі барысына барлық жағынан қолдау көрсетеді. Осылайша, Алматыдағы Қазақстан-Неміс университеті білім берудің қазақстандық және неміс элементтерінің басын біріктіреді. Табысқа қол жеткізгісі келетін жастарға ҚНУ жоғары деңгейдегі білім беру жүйесін ұсынады. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан экономикасы шет тілдерін меңгерген мамандарға аса зәру. Біздің университетіміз Қазақстан экономикасының дамуына зор үлес қосатын, сондай-ақ халықаралық еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті жоғары мамандарды дайындайды.
Бакалавр дәрежесі бойынша оқуға түсу кезінде неміс тілін білу міндетті емес!
Contents |
Факультеттер мен пәндер
2012-2013 оқу жылында Қазақстан-Неміс Университетінде келесі факультеттерде мынадай мамандықтар бойынша оқыту ұсынылады:
Экология және Техникалық факультет (ВА)
- Энергетикалық және экологиялық техника
Инженерлік-экономикалық факультет (ВА)
- Экономикалық информатика (ВА)
- Көлік логистикасы (ВА)
- Телематика (ВА)
- Логистика (МА)
Әлеуметтік ғылымдар факультеті (ВА)
- Саясаттану (ВА)
- Халықаралық қатынастар (ВА)
- Елтану (Еуропа / Орталық Азия) (МА)
Экономикалық факультет (ВА)
- Қаржы (ВА)
- Маркетинг (ВА)
- Кәсіпорын менеджменті (ВА)
- Қаржы (МА)
- Кәсіпорындардың халықаралық менеджменті (МА)
Екінші жоғары білім
Экономика факультетінде Маркетинг және Қаржы мамандықтары бойынша екінші жоғары білім алуға болады. Мұндай бакалавр дипломына жоғары білімді, өзінің кәсіби қызметіне қажетті экономикалық білім алғысы келетін әрбір азамат қол жеткізе алады. Оқу ҚНУда кешкі уақытта жүргізіледі, мерзімі 3 жыл.
Гранттар, стипендиялар мен жеңілдіктер
- Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) 2010-2011 оқу жылында ҚНУдың студенттеріне қолдау көрсету мақсатында қосымша гранттар тағайындады. ҰБТ мен ҚНУдың тестілеу нәтижелері бойынша өте жақсы нәтиже көрсеткен бірінші курс студенттері бірінші оқу жылының оқу ақысын толық не жартылай төлеуден босатылады. Сондай-ақ тестілеу қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен өзге қалалар мен Орталық Азиядан келіп оқитын студенттер Алматыда тұру үшін жәрдемақы алады.
Бірінші курс студенттері үшін стипендиялар
- ҰБТ-тан жоғары балл жинаған студенттерге ҚНУ-дың іріктеу коммисиясының шешімі бойынша бірінші курстың оқу ақысын толық не жартылай төлеуден босататын DAAD стипендиясы беріледі.
Студенттер үшін стипендиялар
- Қазақстандағы ГФР елшілігі жыл сайын ҚНУ-дың үздік және жақсы табысқа қол жеткізген студенттері үшін стипендиялар тағайындайды. Стипендия оқу ақысының 30% құрайды.
- Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) Қазақстан мен Орталық Азиядан келіп оқитын ҚНУ-дың студенттері үшін стипендия тағайындайды. Бұл стипендия оқу ақысына ақшалай жәрдемақы ретінде беріледі.
- Неміс кәсіпорындары, мысалы Siemens ЖШС ҚНУ студенттеріне стипендиялар бөліп, осы арқылы өздерін кәсіби дайындығы жоғары мамандарға қызығушылық танытып отырған жұмыс беруші ретінде көрсетеді.
- Қазақстандық кәсіпорындар біздің студенттер үшін стипендия бөлу арқылы жан-жақты білімді ҚНУ-дың түлектерін өздерінің табысқа қол жеткізген қызметкерлері арасынан көруге қызығушылықтарын танытады.
Оқуды үздік, жақсы оқып жалғастырушы студенттердің келесі курстарда да стипендия алуға мүмкіндіктері бар.
Магистрлік бағдарламалар студенттеріне арналған стипендиялар
- Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) магистрлік бағдарлама бойынша үздік оқушы студенттердің оқу ақысына стипендиялар мен жеңілдіктер қарастырған.
Қазақстан-Неміс Университеті
Пушкин көшесі 111/113
(Жамбыл көшесінің қиылысы)
Алматы 050010
Факс +7 (727) 355 05 51
E-mail: info@dku.kz
Қабылдау бөлімі: 355 05 51
Оқу бөлімі / Қабылдау комиссиясы: 355 05 51 - 229
Маркетинг бөлімі / Курстар: 355 05 51 - 216
Талапкерлер мен магистранттарға кеңес беру Айсұлу Тастанова тел.: +7 (727) 355 05 51 (ішкі 229) E-mail: atibekova@dku.kz
Форум: http://www.dku.kz/forum